Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тағы да жайылма жанып жатыр

IMG-20200331-WA0011 Жыл сайын көктем айында «Ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып саналатынына қарамастан»  Ертіс жағалауының өртенуі үлкен апатқа әкеледі. Күннің жылынуына байланысты барлық дерлік тұрғындар қаладан тыс жағажайларда дем алуды жөн көреді. Әрине көптеген адамдар ерекше демалуды жөн көргенімен ыңғайлы жерде дем алып, қоқыстарын төгіп ескі алаудың қара шоқтарын қалдырады. Сонымен қатар, жер иелері жаңа шөпті шығару мақсатында ескі шөптер мен қалдық шөптерді өздері өрттейді.

30 сәуір күні сағат 13:15- те 101 пультіне М. Омарова ауылында құрғақ шөптің жануы туралы ақпарат келіп түсті. Өрт 5 ошақта 165 га жерді қамтыған.  Оқиға орнында  жеке құрамнан 11 адам, 2 бірлік техника жұмыс істеді. Сондай-ақ осы күні Ақсу қаласындағы ескі Мұнай базасының артында Ертіс өзенінің жайылмасы өртеніп жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл алаңда өрт алқабы 37 га жерді алды. Онда  7 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеді.

Өрттің себебі тұрғындардың отпен абайсыз болуы. Ал біздің жасыл байлығымызды сақтап қалу үшін көп нәрсе қажет емес. Әрбір демалушы табиғат үшін оттың зияны үлкен апатқа әкелетінің, отпен жұмыс істеу кезінде ұқыпсыздық жібермеуге тырысуын білсе болғаны.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 336 бабына сәйкес өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігі үшін азаматтар мен лауазымды тұлғаларға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық»  жауапкершілігіне тартылады

 

Ақсу қ. ТЖБ


2020-03-31 17:54:26

Сондай-ақ оқыңыз