Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Пештік жылыту кезеңіндегі – түтіннен улану қаупі»

 

2020 жылдың 09 наурызында Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі мен 10-ӨСБ, 12-ӨСБ және 13-ӨСБ жеке құрамдарымен бірлесіп тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында халықтың дайындық деңгейін жоғарлату және профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Осыған қоса халыққа пешті жағудың алдын алуы бойынша талаптар жеткізілді, нақтырақ:

-барлық пеште және түтен шығатын жерлерін тексеріп және жөндеу қажет;

-түтін шығатын жерлерде және қабырғалардағы күлден және түтіннен тазартылуы қажет;

-түтін шығаратын құбырлар және қабырғалар түтін шығаратын каналдары жеке дара болуы керек;

-түтін шығаратын жерлерге керамика, асбестоцементтік және темір құбырлар, осыған қоса силикаттық кірпіш қолдануға тиым салынады.

Айналып өту кезінде 84 уйді айналып өтіп, 106 адамды, 25 баланы қамтыды, сондай-ақ «Пеш жылуын пайдаланудағы өрт қауіпсіздік шаралары» туралы жадынамалар және нұсқаулар берілді, себебі Қазақстан Республикасының әр тұрғыны кез келген өрт қауіпсіздік шараларының бұзылуы тек себебкерлерге ғана емес, айналадағыларға үлкен қасіретін әкелетінін біле бермейді. Және де өрт қауіпсіздігінің әрбір бұзылуы өз артынан әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке елігетіні, ал ең қорқыныштысы – ол адам өлімі екенін есте сақтау керек!

89267709_482448312638043_8936394779966584041_n

 


2020-03-12 17:42:52

Сондай-ақ оқыңыз