Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жас ұрпақ үшін Рамазанов Н.Б. қалыптасуы

Азаматтық қорғау старшинасы Рамазанов Нұрбек Биғазыұлы 1978 жылы 29 қаңтарда туған. Білімі орта-арнаулы, 2007 жылы Павлодар қаласының құқық және қаржы колледжін "Заңгер"мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп, 2013 жылдың қаңтарынан бастап "Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 10 – ӨСБ бөлімше командирі лауазымында қызмет атқарды. 2003 жылдың тамыз айында "Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ Кәсіби дайындық мектебінде өрт сөндіру құтқарушысы алғашқы дайындықтан өтті. 1 санатты маман-тәлімгер.

10-ӨСБ қызмет ету кезеңінде өзін оң жағынан, бастамашы қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің кәсіби дайындығын және өрт-техникалық қару-жарақпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Үнемі кәсіби шеберлікті арттырумен айналысады. Бірнеше рет Павлодар облысы мен Ақсу қаласында ірі өрттерді сөндіруге қатысты, олар: "Қазхром" АЗФ ТНК №6 цехының екінші трансформаторы, "Космос" сауда үйі, "Достық" сауда үйі және тағы басқалар.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметіне қосқан үлесі зор және қызмет бойынша үздік көрсеткіштері үшін ҚР ТЖМ екінші және үшінші дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін" медальдарымен, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы генерал-майор В. Р. Беккер атынан алғыс хатпен, сондай-ақ жұмыстағы үздік қызметі үшін "ТЖ жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін"-медалімен марапатталды.

Азаматтық қорғау органдарына қызметке келген жеке құрам мен жас ұрпақ үшін үлгі болып табылады және жақсы отбасы мүшесі, отбасында ұлымен мен қызын өсіруде.

IMG-20200229-WA0002


2020-03-03 18:08:42

Сондай-ақ оқыңыз