Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласының ТЖБ бөлімі қызметкерлерімен және Еріктілер тобымен дөңгелек стол 28.02.20 күні өтті

Еріктілер жылы аясында өңіріміздегі ерікті жастармен бірлесе отырып, ауданымыздағы шаралардың ауқымын кеңейтіп, бірлесіп тың бастамаларды ұйымдастыру.

Жалпы еріктілермен қолға алғалы отырған бастаманың негізгі мақсаты «Төтенше жағдайлардың алдын алу» болды.  Дөңгелек стол барысында алға қойылған ы шаралар туралы жоспарлар құрылып, сонымен қатар қатысушылардың басым бөлігі жастармен конструктивті сұхбаттасу жүргізіліп, қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауап берілді.

Кездесу барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:

1. Орман алқаптарындағы өрттердің алдын алу

2. Жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы лагерьлерде еріктілермен бірлесіп балалардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру

3. Судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін және табиғаттағы өрт қауіпсіздігі ережелерін халыққа жеткізу

4 . Еріктілермен бірге өрт қауіпті кезеңдегі профилактикалық іс-шараларды бірлесе атқару

5. Еріктілермен бірге адамдар көп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша алдын алу шараларын жүргізу

Кеш соңында Ақсу қаласының аумағында еріктілерді тарта отырып, бірлесіп істелген жұмыстарды атап өтіп, құтқарушылар- жиын қонақтарына мазмұнды әңгімелер мен пайдалы кеңестеріне алғыстарын білдіріді

IMG-20200228-WA0028


2020-03-03 16:08:49

Сондай-ақ оқыңыз