Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу өңірінің су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары басталды

 

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында «Көктем-2020» Ақсу өңірінің аумағындағы су өткізу құбырларын тазалау Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.Негізгі күштер Айнакөл ауылынан 3 км автожолда орналасқан су құбырын тазартуға бағытталды.Жалпы, су өткізу құбырларын тазалауға Ақсу қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі мен Қазақстан теміржолы АҚ филиалы тартылды. Павлодар магистральды желі бөлімшесі 3 бірлік техника және 7 адам. Ақсу өңірінде Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы 22 су өткізу имарат, облыстық маңызы бар 10 имарат және теміржол жолдарында 26 имарат жұмылдырылды.Аталмыш оқу жаттығудың мақсаты бойынша, оқу-жаттығудың барысында автожолдарды су шайған жағдайда яғни, ТЖ туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының дайындығын тексеру пысықталды.Аталған іс-шараға талдай жасай отырып, қойылған тапсырманы қаланың инженерлік қызметтері мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері сәтті орындап шықты.

IMG-20200225-WA0052


2020-03-02 16:42:23

Сондай-ақ оқыңыз