Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органының және Ақсу өңірінің Үштерек ауылындағы тұрғын үй секторын су басу ықтимал учаскесіндегі шұғыл әрекет ету жасағының іс-әрекеттері.

 

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында «Көктем-2020» Республикалық командалық штабтық оқу жаттығудың аясында Ақсу өңірінің Үштерек ауылында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша сағат 10:15те №10 ӨСБ пультіне Евгеньевка селолық округінің әкімінен Үштерек ауылының Сәтбаев  көшесін қардың қалың еруінен тұрғын үйлерді су басуы туралы хабарлама келіп түсті. Хабарлама келіп түскеннен кейін шұғыл түрде төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы откізілді. ТЖ жою штабы құрылады. Эвакуациялау орны мен уақыты көрсетіліп, Үштерек ауылының тұрғындарына сөйлеу үндеуін орнатып хабарлау жүргізіледі. Белгілі бір маршруттар бойынша адамдар мен малды эвакуациялау схемасына сәйкес, апат аймағындағы адамдарды эвакуациялау міндеті қойылды.  Павлодар облысы ТЖД аумақтық органдарынан барлығы 3 бірлік техника, 13 адам жергілікті атқарушы органдардан 4 бірлік техника, 10 адам тартылды. Халықты жинау және отырғызу орныҮштерек ауылының Мәдениет үйі болып белгіленді. Адамдарды тасымалдау үшін көліктер қолданылады. Сондай-ақ, Үштерек ауылының дәрігерлік амбулаториясы медициналық көмек көрсетеді. Су тасқынына дайындық аясында тұрғын үйлерді қардан тазалау үшін, инженерлік техникалармен қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді.  

Оқу-жаттығудың мақсаты:

-   Аудандық кіші жүйелердің-Ақсу қаласының ТЖ Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің (бұдан әрі -МЗГЗ) халықтың су тасқыны кезеңіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығын және қабілеттілігін деңгейін арттыру.

-   Елді мекендердің, тұрғын үйлер мен аумақтардың су тасқыны жағдайында бағынышты күштерді басқару бойынша жұмыстағы өзара іс-қимылды жетілдіру.

-   Басқару органдары қызметкерлерінің есептерді дайындаудағы, жедел ақпарат алмасу тәртібінің, басшылықтың негізделген шешімдер қабылдауы үшін басқа да қажетті деректердің дағдыларын пысықтау.

-   Ықтимал төтенше жағдайлардың құрылған азаматтық қорғау авариялық құтқару қызметтері,азаматтық қорғаныс жүйесінің көктем мезгіліндегі су тасқыны кезіндегі  ықтыймал төтенше жағдайлардың салдарын жою жағдайында дайындығын тексеру

Оқу жаттығу тактикасына  Ақсу қаласының  ТЖБ 1 бірлік техника  4 адам , ӨСБ-5 бірлік техника 10 адам және құтқару бөлімінен 1бірлік техника 4 адам, Ақсу қаласының әкімшілігінен 1 бірлік техника 2 адам,  Евгеньевка ауылының әкімшілігінен 2 бірлік техника 6 адам, Ақсу қ. ТКШ -1 бірлік техника, 2 адам және Ақсу қласының Төтенше Жағдайлар  Комиссиясы және эвакуациялық органдары қатысты.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толық көлемде орындалды!

IMG_3374


2020-03-02 16:38:43

Сондай-ақ оқыңыз