Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу үшін

Ақсу қаласы ТЖБ бөлімінің бас маманы Н.Мұқат, Еңбек және М.Омаров ауылдарының орта мектептерінде ҚР ІІМ ТЖ Көкшетау техникалық институтына түсуге ниет білдіруші түлектерге үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Оқуға түсу ережелеріне ерекше көңіл бөлінді, атап айтқанда күндізгі оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды ҚР азаматтары қабылданатынын атап айтты. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігінің өткізетін бірыңғай ұлттық тестілеу (БҰТ) немесе талапкердің кешенді тестілеуі (КТА) нәтижелері бойынша берілген сертификат баллдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ТЖМ Кокшетау техникалық институтына оқуға үміткерлерді іріктеу және қабылдау мәселелері талқыланды. Қатысушыларға күндізгі оқуға қабылдау төрт этап бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкердің жеке істерін зерделейді және ҰБТ нәтижелері бойынша іріктеу өткізеді. Екінші кезеңде денсаулық жағдайы бойынша оқуға түсуге жарамдылығын анықтау мақсатында медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізеді. Үшінші кезеңде оқуға түсушілер, бекітілген нормативтерге сәйкес  дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ тапсырады. Төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдауды жүргізеді. Қазіргі уақытта үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

IMG-20200214-WA0035

 


2020-02-19 18:35:47

Сондай-ақ оқыңыз