Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

 

Ақсу қаласының әкімі Б. Ж. Ибраевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды.

Ақсу қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Нұрбек Қонротбаев қалалық қызметтердің су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы ақпарат берді. Ақсу қаласы бойынша жағдайды және елді мекендер мен аулалардан қар шығару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Екінші мәселе "Көктем-2020" РКШОЖ дайындық туралы " болды. ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Д. Куконев "Көктем-2020" арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу жоспарын азаматтық қорғау қызметінің басшыларына ұсынды. 

Отырыс барысында Ақсу қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының төрағасы – Ақсу қаласының әкімі Б. Ж. Ибраев АҚМҚ барлық қызметтеріне Ақсу өңіріндегі ытимал төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындық жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берді. Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі тапсырмалардың орындалуына мониторинг (бақылау) жүргізеді.

 ochs_aksu_pavl_20200214_113436_0

 

 

 

 

 

 

 

 


2020-02-19 18:31:13

Сондай-ақ оқыңыз