Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тубдиспансердегі өрт жойылды

 

2020 жылы 14 ақпанда сағат 10:00-де ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ қызметкерлері Павлодар облысының Ақсу қаласындағы  тубуркілезге қарсы диспансерінде өрт-тактикалық оқу жаттығу өткізді.

Тактикадағы ойға сәйкес, электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан қоймада өрт шықты, лифтер Ақсу қаласының өрт сөндіру бөлімі 101-ді шақырады.

Ақсу қаласы №10 ӨСБ радиотелефоншысы шақыру орнына №12ӨСБ кезекші қарауылды, сондай-ақ Ақсу гарнизонының шығу кестесіне сәйкес күштер мен құралдарды шақыру орнына №3 шақыруға жібереді. Ақсу ауданының бөлім басшылығына БҚДҚ, ТЖБ, 102, 103 қызметіне хабарлайды.

Ұйымдастырушылар объектінің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылға дайындығын, қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-әрекеттер алгоритімін білуін, өртке қарсы қызметпен әрекеттесуін тексерді.

Оқу-жаттығу төтенше жағдайларда объектінің және оның ішінде ұйымның қысылтаяң жағдайда әрекет ету дайындығын көрсетті.

Жаттығуға ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен №12 ӨСБ жеке құрамынан 8 адам, 2 техника жұмылдырылды.

Өртке қарсы бөлімшелердің лауазымды адамдары мен жеке құрамы қойылған міндеттерді толығымен атқарып шықты. Өрт-тактикалық сабақ сәтті өтті.

Оқу жаттығудың қорытындысы бойынша «ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» №12 Өрт сөндіру бастығы азаматтық қорғау капитаны Е.Б. Байжигитов жеке құрам объектісі қызметкерлерінің, лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне талдау жасады.

IMG-20200214-WA0004

 

 

 

   

 


2020-02-19 18:28:23

Сондай-ақ оқыңыз