Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жастық шақ кәсібилікке кедергі емес!

 

Павлодар облысы Ақсу қ.ТЖ бөлімінің қызметкері азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрболат Мұқат ХІІІ республикалық "Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері" байқауында екінші орынды иеленді. Нұрболат республикалық байқауға қатысу құқығын жеңіп алды, жеңімпаз болып, аумақтық ТЖ органының тәжірибелі әріптестерін озып шықты.

Нұрболат кезекті рет кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

"Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері" байқауы теориялық және практикалық екі кезеңде өтті.

Байқаудың теориялық бөлімінің шарттары бойынша барлық қатысушыларға қызметтік іс-әрекетіне қатысты 100 сұраққа жауап беруге тура келді. Екінші бөлім, біріншіге қарағанда, практикалық болды.        Барлық тапсырмаларды Павлодар облысының өкілі Ақмола облысының ТЖД әріптесінен сәл жеңіліс тапты. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздарға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының грамоталары табыс етілді.

Нұрболат Мұқат Павлодар облысының тумасы. Орта мектепті бітіргеннен кейін ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп, Мәскеу қаласындағы РФ ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясында оқу үшін іріктеуден өтті. Оқу аяқталғаннан кейін Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына аға инженер лауазымына қызмет өткеру үшін келді. Ағымдағы жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің бас маманы. Жас болуына қарамастан Нұрболат көп жағдайда табысқа жетті. 2017 жылы ҚР ІІМ ТЖ комитеті қызметкерлері арасында "Полиглот" республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол тамаша ән шырқайды, салтанатты іс-шараларда өнер көрсетеді.   Жеке құрам әріптесін құттықтайды және қызмет бабында үлкен жетісткітерге қол жеткізуін тіледі.

IMG_0928 IMG-20191207-WA0010 IMG-20191207-WA0012


2019-12-14 16:20:43

Сондай-ақ оқыңыз