Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласында "Жас құтқарушылар" жарысы.

 

"Жастар жылы" аясында және ДЮП бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және №10 өрт сөндіру бөлімі қаланың 8 жалпы білім беретін мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасында "Жас құтқарушы" атты жарыс өткізді.

Балалар мен жастарды төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға, дене шынықтыру және психологиялық дайындыққа оқыту халықты төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жүйесінің ең пәрменді элементтерінің бірі болып табылады.

Жарыс 4 конкурс бойынша өтті, атап айтқанда: команданың визит карточкасы, құтқару шеңберін лақтыру, зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сөндіру эстафетасы (жауынгерлік қанат жаю, жауынгерлік киім мен жарақты кию). Қатысушылар әр кезеңде құтқарушының командалық және жеке дағдыларын көрсетті.

Қатысушылар мен қонақтар жарыс ұйымдастырушыларына қызықты ойын үшін, жаңа достары мен алған тәжірибелері үшін, сондай-ақ пайдалы және жарқын демалуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша "Жас құтқарушы" байқауында бірінші орынды Шулембаев ат.орта мектеп алды. Екінші орынды Еңбек орта мектебі, үшінші орынды №1 орта мектебі иеленді.

IMG_20191031_222825_562 IMG_20191031_222825_563 

IMG_20191031_222825_568


2019-11-01 09:16:21

Сондай-ақ оқыңыз