Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысы Ақсу қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен нұсқаулық өткізілді

 

Өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде ағымдағы жылдың 28 қазанында Ақсу қ. төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Мұқат Н.Қ. Ақсу қаласының полиция бөлімінің қызметкерімен Павлодар облысы Ақсу қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлері үшін қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына, өрттің алдын алуға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған семинар өткізді.

Нұсқаулық барысында өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер көрсетілді. Семинар соңында қызметкерлер көптеген қызықты сұрақтар қойып, нақты және толық жауаптар алды. Сондай-ақ, алғашқы өрт сөндіру құралын, атап айтқанда әртүрлі төтенше жағдайларда өрт сөндіргішті қалай дұрыс қолдану керектігі көрсетілді.

Ақсу қаласы МКҚБ қызметкерлері қаланың ерекше қорғалатын объектілерінде тәулік бойы кезекшілік етеді және өрт кезіндегі іс-әрекеттерді нақты білу қажет.

Өрт басталған кезде және оның барысында сабырлылықты сақтау, жан-жақты қарастырып дұрыс шешім қабылдау қажет. Өзіңіздің абдырау мен қызбалығыңызды басып, айнала адамдардың үреуін басуға тырмысып көріңіз.

Өрт пайда болған кезде өрт сөндіргіш құралдарды пайдалану қажет, немесе су құбыры, құдық, өзен суымен, құммен, кіші ошақтарын тығыз көрпемен жабуын қолдану қажет.

Өрт сөндіру кезде, ең алдымен оның жайылғаның тоқтату қажет, содан кейін үдемелі жанған жерлердің отын сөндіру. Сонымен су ағының жалынға емес, жанған бетіне жіберу қажет. Егер тік беті жанса, ағынды үстінгі жақтан астынғы жаққа жіберу қажет.

Эвакуация жүргізу кезіндегі үйлесімді әрекеттер - бұл Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі!

IMG-20191029-WA0019 IMG-20191029-WA0022

IMG-20191029-WA0028


2019-10-31 09:45:47

Сондай-ақ оқыңыз