Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласының полиция бөлімінде Ішкі істер органдары ардагерінің 90-жылдық мерейтойы аталып өтті.

Сарсен Исинович ішкі істер органдарында 30 жылдан астам қызмет атқарды. Ол қылмыспен және құқық бұзушылықпен күреске елеулі үлес қосты. Оның адалдық борышын «Тың жерлерді игергені үшін», «Қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша үздік қызметі үшін», «Еңбек ардагері» марапаттары сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін (тыл қатысушысы), ұзақ жылғы адал еңбегі үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары куәландырады.

Мұсабаев Сәрсен Исинұлы, 1929 жылғы 02 қаңтарда Павлодар облысы Чернорецк ауылында дүниеге келді. Білімі-орта. 1936 жылы Достық ауылында мектепке барды, 7-ші сыныпты бітіргеннен кейін еңбек әскеріне шақырылды, онда соғыс аяқталғанға дейін жұмыс істеп, Екібастұз қаласындағы кешкі мектепте оқып, 1960 жылы кемелдік аттестатын алды.

         Еңбек жолын 1949 жылғы 31 желтоқсаннан Павлодар облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасында бастады. Әртүрлі уақыт аралығында паспорт столының бастығы, арнайы комендатура лауазымдарын атқарды.

1983 жылы 28 шілде - 1985 жылы 04 шілде уақыт аралығында Павлодар аудандық Ертіс-Қарағанды каналын пайдалану басқармасында жұмыс істеді.

1985 жылғы 15 қазан - 1988 жылғы 18 қаңтар аралығында Павлодар облыстық атқару комитеті ІІБ ӨҚБ № 6 кәсіби өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Қазір, зейнеткер, ішкі істер органдарының запастағы майоры, Павлодар облысының Құрметті азаматы. 

 Сарсен Исинұлы 90-ға толды. Қаһарманды құттықтағысы келетіндер көп. Бұлар тек Сарсен атаның туыстары мен жақын достары ғана емес, сонымен қатар бейбіт аспан үшін алғыс айтатын жерлестер де бар. Сарсен Исинұлын құттықтауға барлық туған-туысқандар жиналады, 5 бала және 10 немере ішінде туған күні әрдайым көңілді өтеді. Бүгін жақындарынан бөлек қаһарманның ерлігін есте сақтағандар да жиналды.      

 Мерейтой иесінің құрметіне қалалық полиция бөлімінде концерт ұйымдастырылды. Концертке Сарсен Исинұлына балаларымен келді. Полиция бөлімінің бастығы Скляр Василий Васильевичтің атынан мерейтой иесіне Сарсен Исинұлының фотосуреті бар Алғыс хат және гүлдер табысталып, полиция бөлімінің жеке құрамы атынан сыйлық ретінде ардагерге шапан мен қазақи бас киім табыс етілді. Ақсу қаласы полиция бөлімінің ардагерлер кеңесі де шетте қалмады, олар мерейтой иесіне алғыс хат пен ақшалай конверт табыс етті. Әдемі фотосуреттер үшін және арнайы мерейтой иесі үшін оның фотосуреті бар баннерге тапсырыс берілді. Концерт соңында Сарсен Исинұлы өзінің отбасымен бірге баннердің жанында суретке түсіп, мерекелік шай ішуге шақырылды. Мерейтой иесінің балаларына естелікке баннер сыйға тартылды.       

 


2019-01-14 09:35:34

Сондай-ақ оқыңыз