Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ӨРТ БОЛҒАН КЕЗДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР

Өртті тапқан кезде: Алдын ала электр тоғы мен газды сөндіріп бастапқы өрт сөндіргіш құралдарын қолданып, өртті өрт сөндіргішпен өшіріңіз, су шашып және «101» телефонымен өртке қарсы қызметін шақырыңыз.

Қалай түтінмен уланбауға болады: Егер шудан, түтіннен оянсаңыз, төсекте отырмай тура еденге домалап түсіңіз, содан соң орамалмен, шүберекпен, жаймамен немесе жастықпен аузыңызды жауып, есікке дейін еңбектеп жетіңіз. Егер өрт есіктің сыртында болса, есіктің барлық тесіктерін тығындаңыз. Түтіннен құтылу үшін желдетпені ашуға болмайды өйткені жел өртті тек күшейтеді.

Құтқарылудың мүмкін жолдары: Бөлмеден балконға шығып, артыңыздан есікті тығыздап жауып көмекке шақырыңыз, егер бөлмеден шығұға мүмкіндік жқ болса, жуыну бөлмесіне кіріп алуға болады. Дымқыл матамен тыныс алу мүшелерін байлаңыз. Есіктің тесіктерін дымқыл шүберекпен тығындаңыз. Жуыну бөлмесіне су толтырыңыз да, есікке су шашып, өрт сөндірушілерді күтіңіз.


2018-12-29 12:50:02

Сондай-ақ оқыңыз