Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Қыс – 2018» РТШЖ шеңберінде Ақсу қаласында әдістік-арнайы жаттығулар жүргізіледі.

 Жаттығу барысында келесі сұрақтар орындалды:

  1. Қысқы кезеңде қауіп төнген және төтенше жағдайлар туындаған уақыттарда Ақсу қаласының азаматтық қорғаныс қызметтерінің дайындағын бағалау.
  2. Қысқы кезең апаттарында қала қызметтерінің өзара байланыста болуын тексеру.

Ақсу қаласының әкімімен қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын-алуы кезінде пайдаланатын техниканың тексерілуі жүргізілді. Тексеру барысында техниканы дұрыс күйде сақтау және үнемі қала және ауыл аймақтарындағы территорияда барлық жағдайлардға мониторинг өткізу керектігі туралы нұсқаулықтар берді.

Екінші күні жоспар бойынша Қызылорда- Павлодар республикалық автожолында Қалқаман ауылы аумағында жолда кептеліс болды, онда жергілікті орындау органдарымен жолды тазалау және автокөліктерді шығарып салу ұйымдастырылды. Сонымен қатар техниканы кептелістен шығару барысында екі көліктің соқтығысуынан өрт туындады және көліктегі зардап шегуші қысылық қалды. Оқиға орнына Қалқаман ауылының ТМСП және ӨБ-18 кезекші құрамы бағытталып көліктен зардап шеккен адамды шығару, алғашқы медициналық көмек көрсету және жанған автокөлікті сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Барлық жаттығулар біткен соң Штабта (Ақсу қаласының әкімшілігі) жаттығулар қорытындысы бойынша ескертілер мен ұсыныстардыжеткізу мақсатында жиналыс өткізілді.

Аталған жаттығудың мақсаты Ақсу қаласы жедел өызметтерінің өзара байланысын нығайту, басқару құрамының және персоналдың қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға дағдылану болды.


2018-11-03 10:41:46

Сондай-ақ оқыңыз