Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Астықты жинау кезінде мұқият болыңыздар!

Ақсу ауданы аумағында астық жинау науқанының басталуына байланысты, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы нысандарында және астық алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бақылауда тұр.     

Егін жинауды бастамастан бұрын оған қатысатын адамдардың бәрі өртке қарсы нұсқаудан өтеді, ал егін жинайтын агрегаттар мен автомобилдер өрт сөндіретін құралдармен (өзі жүретін комбайнмен - екі өрт сөндіргішпен, екi тiк күрекпен және екi сыпырғышпен; тракторлар - бiр өрт сөндiргiшпен, бiр күрекпен), дұрыс ұшқын сөндіргішпен және қоректену, майлау, от алдырғыш жүйелерімен жабдықталуы қажет.  

Масақты дақылдарды темір және тас жол қарауына алынған жерлерге себуге болмайды. Осы алаңдарда шабылған шөптің шөмелесін астық алабынан 30 м. қашықтыққа орналастыру керек.

Масақты, астықтар пісер алдында олардың орманға, автомобиль және темір жолдарға жақын ұласып жатқан жерлері ені 4 м. шабылып, жыртылып тасталуы керек.  

Астықты жинау астықты алаптарды 50 га. алқапқа бөлуден басталуы керек. Учаскелердің арасынан ені 8 м. кем емес шалғы жолы жасалуы керек. Шабылған астық шалғыдан тез жиналуы керек. Шалғы жолының ортасынан ені 4 м. жыртылады.  

Уақытша дала қостары шөптен тазартылған жерде егін алабынан, қырманнан 100 м. ара қашықтықта орналасуы керек. Дала қостарының, астық қырмандарының алаңдары ені 4 м. жолдар жыртылады.  

Егіс даласында мұнай өнімдерін сақтау және жанар май құю, шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған арнайы алаңда немесе қырманнан, шөп шөмелесінен, сабаннан, астық алабынан және құрылыстан 50 м. жерде жүргізілуі қажет.  

25 га. астықты жерді жинау кезінде, өрт бола қалғандай жағдайда жақын жерде трактор және тырма даяр тұруы керек.  

Жиналған егіннен қалған сабанды өртеуге және от жағуға болмайды.  

Қырмандар үйлер мен құрылыстардан 50 м. ал астық алабынан - 100 м. жерге орналасуы керек.  

Тиым салынады:  

- тракторлардың, автомобильдердің қақпақсыз немесе ашық   қақпақтармен жұмыс істеуіне;  

- двигатель радиаторларындағы шаңды күйдіру үшін дәнекерлейтін шамды қолдануға;  

- егіс даласында двигателі жүріп тұрған трактор, комбайндарға және басқа да машиналарға жанар май құюға;  

Жинайтын машиналардың двигательдерінің радиаторлары, биттерлерінің валдары, сабан толтырғыштары, транспортерлары, жинағыш, шнектері және басқа да тораптары мен бөлшектері уақытында шаңнан, сабаннан және бидайдан тазартылып отырылуы қажет.

Құрметті шаруа қожалығының басшылары отпен абай болыңыздар, өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар, өңдірісте және тұрмыста өртті болдырмаңыздар.


2018-10-04 17:52:44

Сондай-ақ оқыңыз