Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Өрт сөндірушілер ашық балконнан баланың құлауына жол берген жоқ

2018 жылдың 21тамызында сағат 16.36-да №11 өрт сөндіру бөлімінің пультіне дабыл келіп түсті. Павлодар облысы Ақсу қаласы кәмелетке толмағандармен жұмыс бөлімінің инспекторы А. Қалиева көп қабатты үйлердің бірінен 3-ші қабат балконынан сәбидің құлау қаупінің барын хабарлады. №11 Өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінен құрамында 5 адам оқиға орнына жедел түрде шықты.

Оқиға орнына келісімен 3-ші қабатта сәби тұрғаны анықталды, және сәби ашық балконнан ез-келген уақытта құлап кетуі мүкін еді. Сәбиді құтқару үшін өрт сөндіруші құтқарушыларға небәрі бірнеше минут қажет болды. Қорқып қалған сәбиді жұбатып кәмелетке толмағандармен жұмыс бөлімінің инспекторына тапсырды. Пәтерде сәбиден басқа ешкім болмаған.

Бұл ересек адамдардың өз балаларының өміріне жауапсыз қарайтындықтарын көрсететін кезекті жазатайым жағдай.


2018-08-23 10:04:41

Сондай-ақ оқыңыз