Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Газды пайдалануға қатысты сақтық шаралары

Ауылдың 80 пайыз тұрғындары газ баллондарын пайдаланады, бұл дұрыс пайдаланбаған кезде тұрғындарға пайда мен бірге қауіп те төндіруі мүмкін. Кез келген уақытта газ шығуы мүмкін.

Ақауы бар, бүлінген, сынақтан өткізу және пайдалану мерзімдері өтіп кеткен газ баллондарды «көп қабатты және жеке тұрғын үйлерде» газ қондырғыларына қосып пайдаланылуда – бұл көпқабатты және жеке тұрғын үйлерде орын алатын өрттер мен төтенше жағдайлардың басты себептері болып табылады.

ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес тұрмыстық баллондардағы сұйытылған газын бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті газ желісі ұйымдары және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.Екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады.

Сондай-ақ қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып тұрғындар газ құралдарың дұрыс сақталуын  және таза күйінде сақтауды қамтамасыз етулері қажет. Егер бөлмеде газдың қатты иісі пайда болған жағдайда, газ құралдарының қондырғыға әкелетін крандарын жауып тастап дереу терезелерді ашып, авариялық қызметін шақыру қажет.Өз бетімен тұрғын үйлерге газ жүргізуге, ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады.


2018-06-25 15:53:12

Сондай-ақ оқыңыз