Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Терек қыл-қыбыры - өрттің қайнар көзі

Жыл сайын қалада терек қыл-қыбыры әсерінен жаздың басында өрттердің саны арта береді.

Терек қыл-қыбыры өзінің артынан қара іздер қалдырып, барлық бағытта жанады. Оның нәтижесі өрттердің көбеюіне алып келеді. Өрт қауіпі ағаштар мен автомобиль көліктеріне бар.

Көшелер мен аулалар қар сияқты терек қыл-қыбырына жамылып, өрттің қайнар көзіне айналады. Барлығы кішкентай кездерінде терек қыл-қыбырын жандырып, ойнаған болатында. Өкінішке орай психология өзгермейд3, балалар қазірде сол әдіспен отты жағып, қауіпке алып келеді. Балалар ғана емес, ересек адамдарда темекіні және сіреңке қалдықтарын лақтыра отырып қауіп төндіреді.

Комуналдық қызметтер терек қыл-қыбырын жинап үлгермегендіктен адамдар өздері су құйып, жинау әдісін қолданулары тиіс. Оны ешқандай жағдайда жағуға болмайды.

Осы кезеңде өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындау керек. Ағаш астындағы терек қыл-қыбырын үнемі жинап от көзінен сақтау керек. Кәсіпорындар мен мекемелерде темекі шегуге және от жағуға тыйым салынады. Мұндай жағдайда өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын жүргізу керек.

Өртті сөндіргенше, өрттің алдын алатын шараларды ұйымдастырып, ескерткен жөн. Ата-аналарға жеке өтініш – балаларға отпен ойнаудың соңы апатпен бітетіндігін түсіндіру. Осыған орай Ақсу қ. ТЖБ балалардың тентектігінен пайда болған өрттердің зардабын заң бойынша ата-аналар төлейтіндігін еске салады!

Өртке қарсы қызметтің біріңғай телефоны «101» (ұялы телефонмен тегін 112 номеріне хабарласуға болады).

 


2018-06-20 14:40:25

Сондай-ақ оқыңыз