Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Балалардың отпен айнауы

2018 жыл басынан бүгінгі күнге дейін Ақсу ауданы аумағында балалардың отпен ойнауынан 2 өрт оқиғасы орын алды.

Балалардың отпен ойнауын болдырмау мақсатында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінде «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы басталды. Осыған орай үйде де, мектепте де балаларға өрттің зияндылығы мен шығыны туралы түсіндірме жұмыстары өткізілуде. Оқушылардың тәрбие нысаны мен әдістері, мемлекеттік және жеке мүліктің сақталуына салғырт қарамауы әр түрлі. Барлық мектептерде төменгі сынып оқушылардың қатысуымен біріншіден бұл тақырыпқа диктант, шығарма, викториналар өткізіп, арнайы видео фильмдерді көрсетілуде. Әрбір мектепте жастар арасында ерікті өрт сөндірушілер жасағын құру керек.

Біріншіден, өз балаларыңыздың өрт кезінде бұл ережелерге көңіл аударуын бақылаңыз: үйде немесе пәтерде қалмау керек, шкафтарда, қоймаларда, төсек астында тығылуға болмайды; өртті өздігінен сөндіруге талпынбауға; мүлікті сақтай отырып өмірін тәуекелге қоймауға; терезе мен есіктерді айқара ашпауға; су құбырларымен, жіппен түспеуге; жоғары қабаттағы терезеден секірмеуге; егер өрт пәтер сыртында болса, түтін басқан баспалдақпен шықпауға; лифтті пайдаланбауға.

Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Ең бастысы, Сіздің бүлдіршін жастағы балаларыңыз білуі тиіс: өрт қауіпсіздігінің қатаң ережелерін, отпен ойнауда әкелетін салдарлардың болдырмауын. Бұл әрбір отбасының міндеті мен парызы.

 


2018-06-01 15:33:15

Сондай-ақ оқыңыз