Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ОТПЕН АБАЙСЫЗДЫҚ!

Отпен абайсыз пайдалану өрттің туындайтын себептердің бiрi болып табылады. Осылайша, 2018 жылдың басынан барлық өрттердің жалпы санынан 14% немесе 74 жағдай өрт қауіпсіздік ережелерін білмеген адамдардың кінәсінен, немесе оларды жауапсыз орындауынан болады.

Мұндай жеңiлтек мiнез-құлықтың басты себебi, өрт бiздiң шындықта өте сирек құбылыс сияқты, тұрғындар санасында бекiп қалғандықтан, адамға бұл қайғы оны айналып өтеді деп сену және ойлау тән қасиет. Әттең, бұл әрдайым бұлай емес. Отпен абайсыз салдарынан болған өрттердiң мысалдарының саны алуан, бұл шырағдан немесе сіріңке болсын ашық отпен абайсыз қолдану, сөндірiлмеген темекі тұқылы, пиротехниканы тәжiрибесiз қолдануы, жанғыш немесе тез тұтанғыш сұйықтықтармен байқаусыз қолдану, тiзiм бұнымен бiтпейдi. Өрт құрылыстың жанындағы оттан да және жел ұшырған оның  ұшқындарынан да пайда болуы мүмкін. Барлық өрт жағдайларының 16%-ы немесе 58 жағдайы тұрғын секторларда болады, ол жерде өрттерде 54 % немесе 6 қаза болған адамдарға дейін тіркеледі. Әр тұрғын үйге, пәтерге көшіп барған сәтте әр тұрғын үйдің иесі тұрғын жайларды пайдалану ережелерін сақтауға, сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң орындауға өзіне міндеттеме алады.

Бізде шылым шегушілер көп, әттең, олардың саны жылдан жылға өсіп барады. Шылым шегудің зияны туралы медицинаның көз қарасы туралы бір ғана рет айтылған жоқ. Ал міне өрт статистикасы. Өрттегi адамдар өлiмінiң ең таратылған себебi - төсекте шылым шегу, бұл өрттегi қайтыс болған жалпы адамдар санынының 18% құрайды.

Зерттеулер көрсеткендей, бықсыған шылымның ең жоғарғы температурасы 300 - 420°С шегінде тұрақсызданады, оның бықсу уақытты 4-8 минут. Темекі жанудың бастапқы кезінде 310-320°С температурасында болады, содан кейін 240-260°С дейін төмендеп, бықсу уақытты 26-30 минутты құрайды. Жанғыш материалдың бықсуын келтіріп, мысалы матрастың,  темекі тұқылы өзi аздан кейiн сөнедi. Бiрақ онымен құрылған ошақ 1 ден 4 сағатқа дейін аралықта бықсып жатуы мүмкін.  Одан шыққан от   жоқ, жоңқаға түскен темекі тұқылы оның бықсуына әкеледі, осы кезде бөлінген жылу, ауамен жаңқаның ішіне енеді. Температура 2,5 - 3 сағаттан кейiн 410 - 470°С дейiн көтерiледі және тұтану болады. Бықсыған темекі тұқылы қағаздың, мысалы күл-қоқыр салатын жәшіктегі қағаздың тұтануын туғызады. Егер темекі тұқылы бет жағында жатса, тұтану процесі 40-50 минутқа дейін созылады. Темекі тұқылы 5-10 см тереңдікке түскен кезде, ол 12-15 минуттан кейін едәуiр тезірек тұтанады. Мысалы темекі тұқылы шөпке немесе сабанға түскен кезде осындай зардаптар туындайды. Сөйтіп, бір көзқараспен көрінгенмен, сөндірілмеген темекіден туындаған өрттер кең таралған болып саналады.

Есте сақтаңыздар: өрт өзiмен-өзi пайда болмайды. Оның себебі –адамның отты пайдаланудағы немқұрайлығы және бейқамдығы. Алкогольды мас күйінде адам өзіне және өз әрекеттерiне бақылауды жоғалтады және, әсіресе, басқа адамдың өмiріне ешқандай да жауапкершiлiкте бола алмайды!

 

 


2018-05-31 17:33:06

Сондай-ақ оқыңыз