Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Дала және орман өрттерінен сақ болайық

Өрт шығу қауіпі жоғарланған кезеңі келді. Қазіргі күні Орталық диспетчерлік байланыс пунктісіне дала өңірі және құрғақ шөптің өртенуі туралы хабарламалар тәулік бойы түсуде. Өрт сөндірушілерге тынным жоқ. Бір өңірдегі өрт сөндіріліп жатса, басқа маңнан жаңа өрт қылаң береді. Барлық себеп күннің ыстығында болып тұр. Қазір қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген.

Қоршаған ортада туындаған өрттің себептері де әртүрлі. Оған ең бастысы адамның да кінәр аты бар десе картық айтпаймыз. Көкке шыққан азаматтардың жаққан оттарын сөндірмей кеткендерінен, жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан өрт шыққан оқиғалар көп. Бұның барлығы да адамзаттың табиғат-Анаға дегеннем құрайды көз қарасынан туындайтындығы сөзсіз.

Қоршаған ортада орыналған өрттің зияны да ерекше. Біріншіден, ауаластанса, келесі кезекте өрттің орманды-далалы аумақтарға түсу қауіпі артады, мал жайылымын, шабындықты құртады. Биолог ғалымдардың айтуынша, өртенген орманның қалпына келуі үшінкемінде 1 ғасыр уақыт керек.

Құрметті қала тұрғындары, дала өрттерін болдырмауы үшін, әр қайсымыз қолдан келер өз үлестерімізді қосуымыз тиіс.

 


2018-05-28 17:19:13

Сондай-ақ оқыңыз