Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Балалардың терезеден құлауы!!!

Қалаларда балалардың жарақаталуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептерінің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықтан ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. 3-7 жастағы балалар терезеден құлау  қауіп-қатеріне тап болады, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады.

Осыған байланысты ата-аналарды  өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?

  1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған бір мезетте балаңыз өз өмірімен қошайтысуы мүмкін.
  2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
  3. ЕШҚАШАН терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңыздық орғай алмайды! Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орыналуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсізде пойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
  4. Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.
  5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз!!!

Жоғары да көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының  алдын аласыз!!!

Құтқару қызметінің телефоны – 112


2018-05-11 09:51:53

Сондай-ақ оқыңыз