Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қ. мектептерінде ТЖБ қызметкерлерінен лекция жүргізілуде.

 

 

2018 жылдың басынан бері  Ақсу өңірінде өрт апатынан 4 адам жарақат алып, 5 адам қаза тапты, оның 1-еуі бала.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында Ақсу қаласы ТЖБ қызметкерлерімен Ақсу қаласының номер 7 орта білім беру мектебінде болған ата-аналар жиналысында лекциялар оқылды.

Нұсқаулық өткізу кезінде ата-аналардың өрт қауіпсіздік ережелерін білуіне, балалардың отпен ойнау салдарынан болатын өрттердің алдын алу және оны ескерту шараларына,  өрт басталған кезде бірден алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолданудағы шараларға аса назар аударылды. Сондай-ақ, өрт сөндіру құралының қалай жұмыс істейтіні көрсерілді. Өрт қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері туралы  жадынамалар мен брошюралар таратылды.

Лекция соңында ата-аналарға тұрғын үй секторында өрт бола қалған жағдайда жасалатын шаралар мен  іс-әрекет бойынша бейнеролик көрсетілді.

Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

 


2018-04-12 18:02:32

Сондай-ақ оқыңыз