Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Денсаулық сақтау объектілерінде қауіпсіздік!

 

Медициналық мекемелерде өртке қарсы қауіпсіздік қазірдің өзінде жобалау кезеңінде ажырамас бөлігі болып табылады. Барлық талаптардың орындалуы - объектіні пайдалануға тек беру кепілдігі емес, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда емделушілерді, персонал мен жабдықтарды қорғау мүмкіндігі.

Мәселен, 2018 жылғы 5 сәуірде Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің қызметкері азаматтық қорғау лейтенанты Ж. Торехан «Ақсу қаласы орталық аурухана»  персоналдарымен әңгімелесу өткізді. Әңгіме өткізу барысында бірінші кезекте Ж. Торехан қала аумағында осы жылы адам өлімінің және өрттердің статистикасы туралы және қандай негізгі себептер ықпал еткенін жеткізді.

Нұсқаулық өткізу кезінде шығу жолдарының жағдайына, алғашқы өрт сөндіру құралдарына, автоматты өрт сигнализациясы жүйелеріне және аталған нысандардың қызметкерлерінің өрт-техникалық білімдерін білуіне назар аударылды.

Сөз соңында келе жатқан тасқыны кезеңі туралы, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша қабылданатын қажетті шаралар қандай екенін еске салды. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін өрт қауіпсіздігі саласындағы ұсыныс жадынамалар, таратылды.

 

ОЧС г. Аксу


2018-04-12 18:00:57

Сондай-ақ оқыңыз