Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Плитадағы дәмді тағам – қайғылы салдарға әкелуі мүмкін

Үйде тамақты дайындау - әр адамның күнделікті жұмысы болып саналады! Егерде тамақты дайындау барысында,  қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыздар, мұндай күнделікті іс қайғылы оқиғаға айналуы мүмкін, мұның себебі - адамдардың немқұрайлығы.

            Сонымен қатар, мұндай жағдайларда ішімдікті пайдалану соңғы рөлді атқармайды - адам мас күйінде тамақ дайындап жатқанын немесе жылытып жатқанын, ұмытып кетуі мүмкін, яғни тамақты плитаға қойған кезде ұйықтап кетеді немесе үйден кетіп қалады.

2017ж.17.07.  11 ӨСБ БПБ – не  Ақсу қаласы Астана көш., 34 бесінші подъездінде түтін деп хабарлама түсті. Шақырту орнына келісімен, үшаяқты баспалдақтын көмегімен 3 қабаттағы балкон арқылы 1 бөлмелі пәтерге кіріп және плитадағы күйіп кеткен тамақты аңғардық. Ақсу қаласындағы өрт статистикасының көрсеткіші – 2017 жылғы өткен кезеңде «плитадағы тамақ» бойынша өрт сөндіру қызметінің бөлімін шақырту 5 фактісі тіркелді.

Мұндай жағдайларда бастапқы хабарлама кіреберістегі күйік иісіне немесе түтінге шағымданған көршілерден түседі.Қазанда немесе табада күйіп кеткен тамақтан адам ағзасына зиян келтіретін газдар пайда болады. Егер пластмасса еритін болса, онда тыныс алған кезде адамды өлтіре алатын улы қосылыстар пайда болады. Қосулы плитада тамақты ұмытып кеткен жағдайларда жиі құтқарушыларға есіктерді арнайы жабдықтармен ашуға тура келеді, сондықтан бұзылған есіктің зардабы, ұмытылған тамақтың зардабына қарағанда әлдеқайда көбірек.

Есіңізге саламыз, егерде Сіз плитада маймен ыдысты қалдырып және ол жанып үлгерсе, онда еш жағдайда оған су құймаңыз. Жанып жатқан майға құйылған су жарылуы мүмкін және қатты күйіп қалуға болады.

Тамақ жанған кезде Сіздің іс-әрекетіңіз – плитаны өшіріп тастаңыз, жанып кеткен тамақтың бетін немесе майды қақпақпен жауып қойыңыз. Сонда температура төмендеп, ал қақпақ оттегін өткізуге жол бермей, өрттің дамуын тежейді. Содан соң бөлмені желдетіңіз.

Егер от қатты және оған жақындау қауіпті болған жағдайда, ас үйдің есігін жауып, шамаңыз келгенше терезелерді жауып пәтерден шығыңыз. Жедел түрде «101» нөміріне қоңырау шалып өрт сөндіру қызметін шақырыңыз!

Жалпы тамақты дайындағанда өртті болдырмау үшін біз бәріміз сақ болуға тиіспіз және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауымыз керек! 

 

Ақсу каласы ТЖБ инженері

азаматтық корғау аға лейтенанты Жапар Рымбек


2017-07-20 12:19:42

Сондай-ақ оқыңыз