Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы

2017 жылы 17 маусымда Ақсу қаласы Бауыржан Момышұлы көш., 1 бойынша екі бөлмелі пәтерде ас үйінде тұрмыстық техниканың ас үй гарнитуры жанды, өртке электрожүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болды.

Өрттің шығуына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:

- электр тартылымдардың, ажыратқыштардың және розеткалардың дұрыстығын қадағалаңыз;

- электр құралдарын, плиталарды жарамды күйінде қолданып, перделер мен жиһаздан алшақ, жанбайтын тіреулерде орналастырыңыз;

- бірнеше электр құралдарын бір желіге қосуға жло бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеледі;

- қолдан жасалған қыздырғыш электр кұралдарын, қуаттың артып кетуін және қысқа тұйықталуды болдырмау үшін калибрленген ерігіш ендірмелерді және басқа да қолдан жасалған аппараттарды қолданбаңыз;

- қыздырғыштарды киім-кешек кептіру үшін пайдаланбаңыз;

- үйден шыгарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;

- үй маңайын уақытында жанатын қоқыстардан тазартыңыз;

- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл-қоқыстан айына кеміне бір рет тазартып тұрыңыз;

- қатты отын пайдаланатын пеш есігінің астындағы жанғыш материалдан жасалған еденді өлшемі 50*70 см. кем емес металды қаңылтырмен қаптап қорғаңыз;

- пешке тамызғы ретінде тез жанғыш сұйықтықтарды қолдануға жол бермеңіз;

- пештерді жағуды үйден шығар алдында кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз;

- сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

- балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз;

- төсек орнында темекі шекпеңіз темекі тұқылдарын балкондар мен лоджиялардан лақтырмаңыз;

- плитада дайындалып жатқан тамақтың бақылаусыз қалыуына жол бермеңіз;

 

Ақсу қаласы ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау капитаны                                                                 Судейкин И.А.


2017-07-20 12:18:46

Сондай-ақ оқыңыз