Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Жаз мезгілінде балалардың өрт қауіпсіздігі

Жаз мезгілінде балалардың өрт қауіпсіздігі

Жазда келіп жетті. Жазда, біз, сіздермен барлығымыз отбастарымызмен ұмытылмас демалыс өткізуді жоспарлаймыз, ол көп уақытқа дейін есімізде қалады және ол жайлы бала демалыс аяқтағаннан соң шығарма жазады. Жазда, бала мектеп жұмыстарын, шексіз жаттығулар, оқулар және тағы басқаларды үш айға қоя тұрып, көп бос уақыты болады, оларға бұл өте бақытты демалыс уақыты болып көрінеді. Олар көп уақыт бойы далада, ата – аналарымен саяжайда, су айындарына және омандарға шығады, ал кейбіреулер балалар лагерлеріне дем алуға барады. Көптеген жылдары, жазғы демалыс уақытында балалардың жарақаттары мен келеңсіз оқиғалар санының өсуін байқауға болады. Баланы қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ең маңызды болып келеді.

Өрт – өте дамыған апат. Балалардың бұзықтығы салдарынан өрттер туындайды, көбі балаларды қараусыз қалдыру нәтижесінде орын алады. Балалардың ешқайсысы өртті әдейі жасамайды. Ол – сіріңкемен, май шамдармен, тұтатқыштармен, газ плиталарымен, электрқұралдарын, отты абайсыз пайдалану салдарынан орын алады. Қазіргі уақытта, балалардың бос уақыттары көп болғандықтан келесі өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарына ерекше көңіл бөлу қажет. Балаларға отпен ойнауға, үлкендерсіз ошақтар жағуға рұқсат бермеңіздер. Құрғақ шөптер мен терек үлпілдерін жағуға қауіптілігін түсіндіріңіздер, ыстық, құрғақ күндері от жылдам жан – жаққа таралу мүмкіндігін айтыңыздар;

Плитаның алауынан жанып жатқан перделерді жылдам жұлып алып, газды өшіріп, оны аяқпен басып тастауға, электр жылытқыштардан тұталған креслоны – сумен құю немесе дымқыл орамалмен отты тоқтатуға болатынын, ал шелектегі жанып жатқан қоқысқа су құю керектігін, балаларға айту қажет;

Жанып жатқан иісі пайда болған кезде тез арада жарық пен барлық электр құралдарын өшіру қажет, пәтерді ажырату және ол жайлы ересектерге хабар беру;

Жанып жатқан электр құралдарға су құюға болмайды – гүл құмырасындағы жерді лақтырған дұрыс;

Егерде табадағы май жанса – тез арада оны қақпағымен жабу қажет. Жанып жатқан майға су құюға болмайды, себебі ыстық шашырағыштар жан – жаққа ұшып бет пен қолдарды күйдіреді;

Жаңа туындаған, кіші өртті кішкентайдан үлкенге ауыспай тұрғанда өз бетінше сөндіруге болады. Үйде өрт сөндіргіш құралы болса, ол жақсы. Егерде отпен күресе алмасаңыздар «101» телефоны бойынша өрт сөндірушілерді шақыру қажет, кезекші диспетчерге: нақты мекен-жайды; аты – жөні; қайда (пәтер, үй, аула, көлікжай) өрт балып жатқанын; не жанып жатқанын (жиһаз, электрқұралдар) қажет болған жағдайда, диспетчердің сұрақтарына тез және нақты жаауап беру; подъезд есігі кодының барын нақтылау, үйде қанша қабаты бар және т.б. хабарлау қажет;

Өрт туындаған жағдайда пәтерден кетерде, қажет: барлық есіктерді жабу; пәтерде немес үйде киімдерді жинауда бөгелмеу; жарық пен электр құралдарын сөндіру, саты алаңындағы электр жүйесін сөндіру; көршілерді ескерту; лфитіні пайдаланбай, сатымен түсу; өрт сөндірушілерді үйдің маңында күту.

Құрметті ата – аналар! Біздің және өзіміздің балаларымыздың қауіпсіздігі өзімізге қатысты. Балалар ересектердің қылықтарын қайталайды, ол жайлы есте сақтаңыздар. Өрт қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтайық.

 

Ақсу қ. ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты Жапар Рымбек


2017-07-12 10:37:10

Сондай-ақ оқыңыз