Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Тұрмыстық газдан болатын өрттің алдын алу.

  Тұрмыстық газдан болатын өрттің алдын алу

   Screenshot_2017-03-15-13-51-44 Газды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себептерінен туындайтын өрттер тұрғын үйлердің, материалдық құндылықтардың жойылуына, адамның жарақат алуына, еліміне әкеліп соғады. Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және алдын алу қызмет басқармасы өрттерді болдырмау үшін газды пайдаланудың негізгі ережелерін өскертеді:

- газ плитасын тек қана жақсы желдетілген бөлмеде қолдануға болады;

тұмшапештің  оттығын жағу алдында оның қақпағын бірнеше рет ашып, жабу жолымен желдету қажет;

- газды жағу кезінде алдымен жанып тұрған сереңкені оттыққа жақындатып, содан кейін бірақ шүмекті ашыңыз;

плитаны тазалықта ұстаңыз;

- газ құралдарын орнатуды және жөндеуді тек қана тиісті құжаты бар мамндарға сеніп тапсырыңыз;

газ құбырларының және құралдарының кемшіліктерін өздігінен түзеуге тырыспаңыз;

- жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе егер оған балалардың қолы жететін болса;

плитаның үстіне киім жаймаңыз, жанғыш заттарды плитадан алыстатыңыз;

- газ құралдарын қолданған соң құралдағы шүмекті және баллондағы вентильді жабыңыз.

Егер сіз газдың күшті иісін сезсеңіз, онда:

Шүмекті жауып, бөлменің ауасын тазартыңыз. Онымен қандай жағдай болмасын от жақпаңыз, ұшқынның пайда болуынан алшақтау үшін ешқандай электр құралдарын қоспаңыз. Газ баллоны сатып алынған, газбен жабдықтайтын кәсіпорынның авария қызметін шақыртыңыз.

Жеке меншік құқығында тұрмыстық қажеттілікке сұйытылған газды пайдаланатын және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын үйлер мен пәтерлердің иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңмасына сәйкес жауапты.

         Өрт туындаған жағдайда 101 нөміріне хабарлау қажет.

Ақсу қ.ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты Жапар Рымбек

 

 

 

2017 ж 15.03


2017-03-15 17:34:53

Сондай-ақ оқыңыз