Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Тегін оқу, кепілді жұмыспен қамту.

                                                                                                                     Тегін оқу, кепілді жұмыспен қамту.

 

   Көкшетау техникалық институты – Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау қызмет органдарына мамандарды дайындайтын жоғары оқу орны.

     Институтқа күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу жылы басталғанда 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (орта білімнен кейін) білімі бар, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

    Инситутқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе абитуриенттің кешенді тестілеу (АКТ) нәтижелері бойынша сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады.

     Институтқа күндізгі оқуға азаматтарды қабылдау төрт кезенде жүзеге асырылады:

- бірінші кезенде Институттың мемлекеттік қабылдау комиссиясы ҰБТ немесе АКТ сертификаты балдарымен сәйкестікке іріктеу арқылы оқуға кандидаттар контингентін қалыптастырады;

- екінші кезенде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу өткізіледі;

- үшінші кезеңде дене шынықтыру бойынша іріктеу өткізіледі;

- төртінші кезенде – мандаттық комиссия курсанттар санына қабылдайды.

Курсанттар қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде басым құқыққа мыналар ие:

-  «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;

- жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олемпиадалар мен ғылыми жарыстардың, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары.

     ҰБТ немеме АКТ сертификаттары балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқуға қабылдануға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, үздік білімі туралы (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар басым құқыққа ие.

            Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі 9 мекенжайында орналасқан, 6-56-10 телефоны бойынша Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөліміне хабарласыңыздар.

Ақсу қ. ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Жапар Рымбек

 

 

 

 

2017 ж 09.02


2017-02-09 16:58:06

Сондай-ақ оқыңыз