Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары базарлар мен оқу орындарына шықты.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары

базарлар мен оқу орындарына шықты

 

  Бүгіннен бастап азаматтарға қолайлы болу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, сауда орталықтарын аралайтын болады.  

  «Уақытша тіркеліп үлгермеген азаматтарға  қолайлы болу үшін ХҚКО-лардың мобильдік топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерінде қызмет көрсететін болады. Мобильдік топтардың инспекторлары барлық қалаушыларға электорондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкімет порталында уақытша тіркеуге өтініш ресімдеуге көмектеседі. Бұл шығулар Павлодар қалаларының №1 және №2 ХҚКО бөлімдерінде, Павлодар аудандық және Ақсу мен Екібастұз қалаларының ХҚКО бөлімдерінде ұйымдастырылды», - деді ХҚКО департаментінің  директоры Жаннат Нұржауова.

  Оның айтуынша, Павлодарда мобильдік топтар «Batyr mall», «Квазар», «Астана» сауда үйлеріне, Ақсу қаласында «Болашак плюс» СҮ, Екібастұз қаласында City Mall және т.б., сондай-ақ облыстың оқу орындары мен әскери бөлімдеріне шығатын болады. Мобильдік топтар барлығы 33 орынды, оның ішінде ЖОО-ларды және мемлекеттік ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр.

  Азаматтарды уақытша тіркеу қызметін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режімінде жүзеге асыруға болатынын естеріңізге саламыз. Қызмет «Азаматтық, көші-қон және иммиграция» тарауында қолжетімді. ХҚКО қызметкердері азаматтарға уақытша тіркеуге өтінімді ресімдеуге көмектеседі, бұл ретте меншік иесі (біреу немесе бірнеше) ЭЦҚ арқылы өз келісімін растауы тиіс, одан кейін өтінім тіркелушінің Жеке кабинетіне қайтып келеді. Ол онлайн режімінде  мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет және өз өтінішініне ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет. Уақытша тіркелген мекенжайын тексеру үшін азамат мекенжай анықтамасын ала алады.

 

 

 

 

 

 

2017 ж 20.01

 


2017-01-20 10:09:03

Сондай-ақ оқыңыз