Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ХҚКО хабарлайды: егер сіз білім туралы дипломды бүлдіріп немесе жоғалтып алсаңыз

   Дипломның түпнұсқасын алу үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады. Данияр Исмуханов  жоғары білім туралы дипломның түпнұсқасын алу үшін Павлодар ауданының ХҚКО бөліміне жүгінді. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін алуға өтінішті толтырғаннан кейін клиент  инспекторға  жеке куәлікті және құжатты жоғалтып алғандығы жөнінде ақпарат орналастырылған газеттің көшірмесін ұсынды.

   Өтініш берушінің сөзінен ХҚКО жүгіну оның дағдылы ісіне айнылып кеткен. «Дипломның түпнұсқасын ХҚКО алуға болатындығы жөнінде ақпаратты оқып қуанып кеттім, біріншіден, жақын жерде тұрамын, екіншіден, барлық мемлекеттік қызметтерді осы жерден мекенжай анықтамасынан бастап жылжымайтын мүлік анықтамасына дейін алуға үйреніп кеттім», - деді ол.

    Жоғары білім туралы дипломның түпнұсқасын құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі, қайта рәсімдеу 15 күнтізбелік күн ішінде. Жоғары оқу орны жабылған жағдайда  қызмет алушы білім беру мекемесінің орналасқан жері бойынша мұрағатқа жүгінуі  қажет.

 2016 ж 07.04

 


2016-04-07 11:57:25

Сондай-ақ оқыңыз