Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев ХҚКО-да инвесторға қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысымен танысты.

               Инвесторға мемлекеттік қызметті алу үшін әр түрлі ұйымдарға барудың қажеті жоқ. Енді инвестициялық жобаны іске асыру бойынша барлық қажетті мемлекеттік қызметті Инвесторлар ХҚКО-да қызмет көрсету бөлімдерінде «бір терезе» қағидасы арқылы ала алады. Ол өз кезегінде инвесторларға түсетін бюрократиялық және әкімшілік салмақты айтарлықтай қысқартады. Бүгін сондай қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен ҚР Инвестициялар және даму министрі, инвестициялық омбудсмен Әсет Исекешев танысты. 

            Қазақстанда инвесторларға қызмет көрсететін барлығы 19 бөлім жұмыс істейді: Астана қаласында – 2, Алматы қаласында – 3, әр облыс орталығында 1 қызмет көрсету бөлімшесі болады. 

            2015 жылы мемлекеттік қызметті алу үшін бұл механизм инвестициялық басым жобаларды жүзеге асырушы инвесторлар үшін ғана мүмкін болды. Биылдан бастап бизнесін кеңейтуді шешкен әрбір инвестор түрлі кеңестерді және барлық рұқсаттамалық құжаттарды осы жерден ала алады. Сонымен бірге, мысалы, инвесторлар жерді қолдану, құрылыс жұмыстарына қажетті ғимараттарды сәулеттік-жобалау, инвестициялық шартты бекіту және т.б. құжаттарды алу үшін осында жүгінеді. 

           Инвесторға өзінің сұранымы бойынша барлық құжаттарды дайындаса болды, ал қалған барлық үрдісті Инвесторларға қызмет көрсету бөлімдері орындап, бақылайтын болады. Енді барлық әкімшілік сатыларды өз бетінше өтудің  қажеті жоқ. Барлық құжаттар көрсетілген уақытта дайын болады және инвесторға жіберіледі.

              Инвесторға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудің барлық процесі автоматтандырылады. Интернет жүйесінде тіркелуге, ақпарат алуға, сонымен қатар құжаттарды жеткізуді online режимде қарастыруға мүмкіндік бар. 

            Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінде инвестор ақпараттық және кеңестік қолдау ала алатын Call center орталығы қызмет етуде. Call center тел: 8(7172)75-45-40.


2016-02-12 13:53:15

Сондай-ақ оқыңыз