Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодарда заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО іске қосылды


             28 сәуірден бастап Павлодарда шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылды. ХҚО мекенжайы: Исеналиев көшесі, 24.
            Бұл шешімді Павлодар облыстық төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штаб қабылдады. Оған сәйкес Павлодарда заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО-ны ашу туралы шешім қабылданды.
Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-16.00 аралығында кәсіпкерлер ХҚО-да жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады.
           Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек әкімдіктен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім алған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді және ХҚО-да ЭЦҚ мен анықтамалар берілмейтінін ескертеді.
          Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері маскалармен, қолғаптармен, антисептиктермен қамтамасыз етілген. ХҚО-ға барушылар бетперде кию тәртібін сақтаулары шарт.


2020-04-29 17:13:18

Сондай-ақ оқыңыз