Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Ақсуда ашық есік күні өтті

 

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемелекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының «Халыққа жақын бол» акциясы аясында Ақсу қаласы тұрғындары үшін мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтарына арналған ашық есік күні өтті.

Ашық есік күні барысында тұрғындар өзін мазалаған түйткілді сұрақтары бойынша толық жауап алып,мемлекеттік қызметтер көрсету саласының жаңалықтарымен танысты. Корпорация қызметкерлері іс-шараға келген тұрғындарға Egov mobile, EgovKzBot қосымшаларын ұялы телефондарына жүктеп беріп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу әдістерін үйретті.

Кездесуге келген азаматтардың дені жер кадастры, жерге мемлекеттік АКТ алу және әлеуметтік қамтамасыз ету салалары бойынша сұрақтар қойды. Сондай-ақ зейнетке шығу, жәрдемақы түрлері және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемелекеттік қызметтер де халықтың қызығушылығын арттырған мәселелер қатарында болды.

«Бүгінгі ашық есік күніне келіп қатысқаныма өз басым риза болып отырмын. Себебі біраз пайдалы ақпарат алдым. Мен өзім көпбалалы анамын. Негізгі келген мәселем жәрдемақы жөнінде толық ақпарат алу болатын. Мамандар құжаттарымды қарап, нақты жолдарын көрсетті. Заң тұрғысында да кеңес беріп, түсіндірді. Қызметкерлерге рахмет айтамын», - дейді Ақмарал.

Айта кетейік, «Халыққа жақын бол» акциясының мақсаты тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтап, оң шешімін табуға ықпал ету, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер саласындағы жаңалықтар бойынша кеңес беріп, онлайн қызметтерді танымал ету болып табылады. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар облысымыздың барлық аудандарында белгіленген кестеге сай өткізіліп тұратын болады.

 


2020-02-27 15:53:31

Сондай-ақ оқыңыз