Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жалған ақпаратқа ермеңіз


Соңғы уақытта павлодарлықтарды алаяқтар көп мазалауда. Белгісіз біреулер өздерін ХҚО қызметкеріміз деп таныстырып, азаматтарға несиелері өтелмеген жағдайда, ЖСН бұғатталатынын айтқан. Несиенің жабылуын талап еткендер азаматтарға әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазып, СМС жіберіп, телефондарына қоңырау шалып мазалаған.
Өзін Нұр-Сұлтан қаласының орталық ХҚО қызметкерімін деп таныстырған Әсем Әмірәлі Павлодар тұрғынының біріне қоңырау шалып, ақша талап еткен. Алаяқтар «Егер сіз кешкі алтыға дейін 350 мың теңге төлемесеңіз, ЖСН бұғатталатын болады», – деп қорқытқан. 
Алаяқтардың айтуынша, павлодарлық әйел туысқаны несиесінің кепілі, бірақ ол ешқандай құжатқа қол қоймаған және несие туралы білмеген. Белгісіз адамдардың қоңырауынан кейін тұрғын бұл ақпараттың шындығына көз жеткізу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалына жүгінген. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ешкімге хабарласпайтынын және ЖСН бұғаттау құзыры жоқ екенін түсіндірген.
Азаматтарға арналған үкімет павлодарлықтарды мұқият болып, мұндай қоңырау шалушыларға сенбеуге шақырады және осындай фактілер анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына хабарласуды ұсынады.

 

 
 

 

 


2019-12-09 16:19:56

Сондай-ақ оқыңыз