Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысында ХҚО-ны оңтайландыру жүргізілуде

 


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінің Халыққа қызмет көрсету секторы жұмысының тиімділігіне талдау жүргізді. Оған сәйкес, сектор 2018 жылдың мамыр айынан бастап 2019 жылдың мамырына дейін 3 491 мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның 2 349-ы электрондық анықтамалар, 225-і ЭЦҚ рәсімдеу мен 783-і мобильді азаматтар базасында тіркелу қызметтері болатын, яғни Қалқаман кенті секторындағы қызметтердің 96% -ы электрондық тәсілмен көрсетілген. Электрондық мемлекеттік қызметтер – ЭЦҚ көмегімен egov.kz порталы арқылы өз бетінше немесе мобильдік азаматтар базасында тіркеліп, EgovKzBot телеграм-боты мен mgov.kz мобильдік қосымшалары арқылы алуға болатын қызметтер.
Жүргізілген талдауға байланысты осы секторды жабу туралы шешім қабылданды.
            Айта кетейік, Қалқаман кентінің тұрғындарына қолайлы болу үшін жергілікті әкімдік ғимаратында электрондық үкімет порталының бұрышы жұмыс істейді. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді дәстүрлі тәсілмен көрсету үшін кентке айына екі рет мобильдік ХҚО келіп тұрады. Мобильді ХҚО кестесі аудандық баспа БАҚ беттерінде, жергілікті әкімдіктің сайтында және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz сайтында жарияланып отырады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

        мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

                                                         Павлодар облысы бойынша

                                                                        Баспасөз қызметі

 


2019-08-07 11:52:30

Сондай-ақ оқыңыз