Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Павлодардағы филиалы «Донор күнін» өткізді

          «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалының қызметкерлеріқан тапсыру орталығына барып, облыстық қан құю орталығының қан қорын толықтырды.

«Біз өмірді құтқару сияқты лайықты іске өз үлесімізді қосуды шештік. Донорлық гуманизм, ізгілік және қайырымдылықты тәрбиелейді.Осындай іс-шараларға қатысу арқылы өзгелергеүлгі болсақ деген ниеттеміз», –дейді филиал директорының м.а. Қанат Ералин.

Әр донордың қан тобына алдын ала зертханалық талдау жасалды жәнебұрын ауырған ауруларына қатысты дәрігер қабылдауы жүргізілді.   Медициналық тексерістен сәтті өткен әр қызметкерден 450 мл көлемінде қан алынды.

Қызметкерлер арасында тәжірибелі донорлар да бар. Ақсу қ. жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы Мұрат Ержанов бірнеше жылдан бері донорлық қан қорын толықтырып келеді."Менің қаным адам өмірін сақтап қалуға жәрдем беретініне мен қуаныштымын, денсаулығы қан тапсыруға жарайтын барлық азаматты донор болуға шақырамын", – деді Ержанов.

         Адам өмірін аман алып қалуға көмектесетін игі шараны корпорацияның өзге филиалдары да қолдап, донор күнін өткізді. 600-ден астам қызметкер қан тапсырып, қан қорын 280 литрге толықтырды.


2019-02-18 08:35:38

Сондай-ақ оқыңыз