Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Азаматтарға арналған үкімет» отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тілектерін орындады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық армандарын орындады. «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы Осипенко көшесі, 13 мекенжайындағы Павлодар балалар үйінде өтті.

              Аяз атаға хат жазған балалар үйінің жиырма тәрбиеленушісі акция қорытындысы бойынша армандаған сыйлықтарын алды. Мысалы, Алина ауыр атлетикамен шұғылданады және оның қалауы бойынша оған спорттық костюм сыйланды, Богдан үлкен құлаққаптар мен басқару пультіндегі машина алды, ал Әдемау қуыршақ пен уги тіледі. Балалардың жүздеріндегі қуанышы мен олардың таңданысын сөзбен айтып  жеткізу мүмкін емес.

«Біз Мемлекеттік корпорация филиалының ұжымына жаңа жыл қарсаңында балаларға қуаныш пен шаттық сыйлағаны үшін шексіз  алғысымызды білдіреміз. Біздің балалар бақытты, өйткені олардың тілегі орындалды. Әрбір бала жаңа жылда керемет  ғажайыптардың  болатынына сенеді, ал мемлекеттік корпорацияның филиалы балаларымыздың сол арман-тілектерін  орындады»,– деді Павлодар қаласындағы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басшысы Гүлбағда Кәрімова.

            Биыл мемлекеттік корпорацияның«Тілектер шыршасы» акциясы республиканың барлық облыс орталығы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ұйымдастырылды.Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорация қызметкерлері таңғажайып сиқыршы рөлінде болып, балалардың армандарын орындады. Акцияның алғашқы легі Қарағанды мен Өскеменде өтті, шараны Павлодар, Шымкент және Көкшетау жалғап әкетті.Балаларды құттықтау шаралары енді Алматы, Астана қалаларында өтеді. Осылайша, аптаның соңына қарай Қазақстанның түкпір-түкпірінен аз қамтылған отбасынан шыққан жүздеген бала сыйлықтарын алып, мерекелік көңіл-күйге бөленеді.


2018-12-29 12:49:05

Сондай-ақ оқыңыз