Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Мемлекеттік бажды онлайн тәртіпте төлеу мүмкіндіктері кеңейтілді

 

 

 

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы SmartPay провайдерімен бірге пилоттық тәртіпте fastpay. kz онлайн-сервисін іске қосты. Енді қолма-қол ақшасыз есептесуді қалайтын азаматтар кең таралған 37 мемлекеттік қызметтің ақысын тек қана банк карталары арқылы ғана емес, WebMoney, Qiwi и WalletOne электрондық әмияндары арқылы да төлей алады.

Сондай-ақ fastpay. kz онлайн-сервисінің көмегімен көлік, жер және мүлік салығын, әкімшілік айыппұлдар мен жол ережесіне қатысты айыппұлдарды төлеуге болады. Алдағы уақытта бұл тізім толыға түседі.

Жаңа сервис - мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырып, халыққа қызмет көрсету саласын цифровизациялауға жасалған кезекті қадам. Енді осы сервис іске қосылғандықтан, қызмет алушылар кассаға кезекке тұрмай-ақ, интернет желісі қосылған смартфон немесе басқа да гаджетпен  www. fastpay. kz  сайтына кіріп, тиесілі мемлекеттік қызметке шұғыл түрде төлем жасай алады. Төлем жасалған соң азаматтың электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті мен электрондық поштасына электрондық чек бекітілген хабарлама келіп түседі.

 


2018-04-06 19:11:24

Сондай-ақ оқыңыз