Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Жеке куәлік және шетел паспортын қалай алуға болады

IMG_8097-14-12-17-10-50 Жеке куәлікті  және шетел куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет ең сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады. Ағымдағы жылғы 11 ай ішінде 1 418050 жеке кәліктер мен паспорттар берілді.

 Көрсетілген құжаттарды алу үшін азаматтарға келесі қадамдарды жүзеге асыру қажет.

1-қадам  – ХҚКО кез келген фронт-офисіне жүгіну керек. 

 

2-қадам – Қазпошта немесе екінші деңгейдегі банк бөлімшелеріне мемлекеттік баж салығын төлеу керек. 

Жеке куәлікті беру бойынша мемлекеттік баж салығының  мөлшері 0,2 МРП (453,8 тг), паспортты беру бойынша 4МРП (9 076 тг).

3-қадам- ХҚКО операторына қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек: құжаттар үшін мемлекеттік баж салығы туралы түбіртек, туу туралы куәлік (16 жасқа толуына байланысты жеке куәлікті алған кезде, 16 жасқа дейін паспортты алған кезде) және бір ата-ананың жеке куәлігі (баланың азаматтығын анықтау үшін).

   Мерзімі өткен көрсетілген құжаттарды ауыстырған жағдайда  мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртекті тапсыру, құжаттар жоғалған жағдайда төлем туралы түбіртек пен құжаттардың жоғалғаны мен оны қалпына келтіру туралы өтініш талап етіледі.

4-қадам – Бірыңғай электрондық кезек талоны бойынша ХҚКО фронт-офис қызметін жүзеге асыратын көші-қон полиция  бөлімінің қызметкеріне өту керек.  

5-қадам – ХҚКО қызметкерінде фотоға түсіп, қол қою керек. 

 

Дайын құжаттарды 15 жұмыс күні өткеннен кейін алуға болады.

 Егер азамат дайын құжаттарды жылдамдатқысы келген жағдайда, оған «жеделдету» үшін 1 989 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

 Осы жағдайда құжаттарды жеделдетілген тәртіпте алу үшін  мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – 2 жұмыс күніне дейін, облыстық орталықтары үшін – 4 жұмыс күніне дейін құрайды (мерзімге қабылдау күні кірмейді).

 Мерзі өткеннен кейін паспортты ауыстыру қажет. Ауыстыру туралы өтінішпен алдын ала жүгіну қажет (мерзімі өткенге дейін үш ай бұрын жүгіну ұсынылады).

 Жаңа куәлікті және паспортты алған кезде  ескі құжатты ХҚКО операторына тапсыру қажет.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның

қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті


2017-12-14 12:11:26

Сондай-ақ оқыңыз