Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

AST_1215 Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-форум» қоғамдық бірлестігі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерін «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудыңVрәсімін өткізді. 

«Саяси жігерлігі үшін» номинациясы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын жетілдіріп, сапасын көтергені және кері байланысты қамтамасыз еткені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.

А.Оспановтың айтуынша, бұл - марапат күн сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында тер төгіп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердің еңбегі, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлі зор.

«Мемлекеттік корпорациясын құру - Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бірі. Және бұл марапат мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық және барынша қолжетімді ету жолында «Азаматтарға арналған үкімет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейді», - деді Оспанов.


2017-12-13 19:06:28

Сондай-ақ оқыңыз