Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы, Павлодар және Ертіс аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының фронт-офистеріне 10 жыл толды!

 Ел Басының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпанадағы  «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауын іске асыру мақсатында, Қазақстан Ресрубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы  Қаулысы негізінде Алматы және Астана  қалалары мен барлық облыстық және  аудандық  орталықтарда «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтары  құрылды.

Сонымен, 2007 жылдың басында Ақсу қаласы, Павлодар және  Ертіс аудандарында Халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. 10 жыл ішінде барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары  өзінің дамуында  қызметкерлердің кәсіби деңгейінен бастап заманауи инфрақұрылымға дейін үлкен өзгерістерге ұшырады. Жыл сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны өсуде, мысалы, 2007 жылы  ХҚКО 25 мемлекеттік қызметтерді көрсеткен болса,  қазіргі уақытта бұл сан айтарлықтай 600 астам қызмет түрлеріне өсіп отыр.

 Күн сайын Халыққа қызмет көрсету орталықтары мыңдаған азаматтарға қызмет көрсетеді және фронт-офистер өзінің 10 жылдығы күні  қызмет көрсету бизнес-үдірісін тоқтатпастан  қызметкерлерге және ХҚКО келушілер үшін орасан мереке ұйымдастырды.

 Мерей тойға қызметкерлер дайындық жасады: бөлімді безендірді, үлкен мерекелі концерт ұйымдастырды, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақырып спорт турнирлерін өткізді. Сонымен қатар қызмет алушылар үшін Мемлекеттік корпорацияның фирмалық логотипінің суретімен безендірілген тәтті тамақтар тосын сый болды, әсіресе  электрондық кезек талондарында 10 саны кездескен азаматтардың жолы болды. Әрине, бөлімнің ашылуынан бастап жұмыс істеп жатқан қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталусыз қалмады.

 Біз өз кезегімізде осы маңызды күнмен қызметкерлерді құттықтап, алдағы уақытта даму  мен  өркендеуді тілейміз.


2017-12-13 19:04:07

Сондай-ақ оқыңыз