Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Азаматтарға арналған үкімет»

   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ Павлодар облысы бойынша филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Ақсу қаласы бөлімі Мобильді ХҚКО қатысуымен Ақсу қаласында және ауылдық елді мекендерінде тұратын мүгедектерге үйде мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жүзеге асырады.

   ХҚКО қызметкерлері өз құзыреті шеңберінде мүгедектердің 1 және 2  санаттарына сапалы қызмет көрсетуге тырысады, дәлірек айтқанда, басқа азаматтар қолданатын мемлекеттік қызметтерді сол мөлшерде беру, соның ішінде тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу, құжаттандыру. Мүгедектігі бар адамдарға, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпарат алуға, халыққа қызмет көрсету орталығына күнделікті тәртіпте келе алмайтын физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйге шығып мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде бөгетсіз қол жетімділікке құқық  беру. 

Мобильді ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін «1414» телефоны  бойынша Бірыңғай байланыс – орталығына хабарласу керек.

 

Ақсу қаласының ХҚКО әкімшілігі

 

 

 

 

2017 ж 19.05


2017-05-19 16:24:20

Сондай-ақ оқыңыз