Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жұмыстан айырылу, жауапкерді жеңілдік шартымен алынған тұрғын үйге құқықығынан айыруға мүмкін болушы еді

 

 

Ақсу қалалық сотымен ЖШС-нің Ш. ерлі-зайыптарға берешекті өндіру және кепілде тұрған мүлікті өндіріп алуға қолдану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарастырылды. Ш. Істің мән-жайы бойынша азамат Ш өнеркәсіп мекемесінде 10 жылдан аса жұмыс істеп, 15 жыл мерзіміне жеңілдікті сыйақы төлемімен (1% жылына) пәтерді сатып алған. Жеңілдікті қарыз берудің бір шарты бойынша Ш-ң АҚ-мен еңбек қарым-қатынасында болуы керек, алайда еңбек келісім шарты 5 жылдан соң бұзылды. Еңбек келісім шартының бұзылуы жұмыскерді 2 ай мерзімде қалған қарыз сомасын және қазыз бойынша сыйақыны төлеуге міндеттеді. Ш. жұмысынан айырылғандықтан және оның асырауында кәмелетке толмаған үш баласы болғандықтан, 4 254 637 теңге сомасын төлеу оған аса ауыр болды. Бұл оның сотқа жүгінуіне себеп болды.

Азаматтық істі қарастыру барысында, медиатор судьяның қатысуымен, тараптар сот медиация тәртібінде дауды реттеу келісіміне келді. ЖШС Ш-ға жұмысқа орналасуға және мерзімі өткен негізгі борышты, сыйақы мен борыш бойынша өсімді 31 мамыр 2018 жылға дейін төлеуге мүмкіндік берді. Сот медиативтік келісімді бекітіп, істі өндіріспен қысқартты. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.


2018-04-03 10:16:02

Сондай-ақ оқыңыз