Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Азаматтық сот ісін жүргізудегі партисипативтік рәсім тәртібін қолдану перспективалар туралы

            Азаматтық іс жүргізу заңнамасында партисипативтік рәсім деген тұжырымдама бар – бұл дауларды шешудің баламалы әдісі, егер тараптар сот кеңесу бөліміне кетуіне дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім туралы өтінішті білдіруге құқылы.

            Партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз тараптар арасында, екі жақтың адвокаттарымен дауды шешуге жәрдемдескен келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұд медиация және татұласу келісімнен ерекшеленеді. Тараптар дауды шешуді нұсқаларын ұсынып, тараптар мен адвокаттардың қолы қойылғанпартисипативтік рәсім тәртібімен жасалған келісімді сотқа ұсынады. Сотта  өкілі ретінде әрекет жасайтын, адвокат процессуалдық заңға сәйкес татуласу рәсімдерін жүргізу құқығы бар.

            Сотқа дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім келіп түскен кезде судья оның мазмұнын тексереді және ҚР АПК 278 бабына сәйкес келісімді бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

            Осылайша, Ақсу қалалық сотына У. талапкер жалпы ортақ мүлікте үлесін аңықтау және  үлесті ақшалай түрде беру туралы талап арызбен жүгінді. Өз кезегінде О. жауапкер мүлікті бөлуге қарсы талаптарды талап етті, онда ол берешекті өтеуді және  жалпы қарызды несиелік келісім бойынша  мойындауды сұрады. Сот ұйғарымы бойынша жауапкердің  мүлікті бөлу туралы қарсы талап арызы талапкердің бастапқы талап етуімен бірлесіп қарауға қабылданды. Алайда, сот ісін қарауында сотқа талапкердің және жауапкердің өкілдерімен қол қойылған жазбаша түрде дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылған болатын.

ҚР АПК 277, 278 баптарына сәйкес дауды (жанжалды) партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сот ұйғарымымен бекітілген болатын. Сондай-ақ талапкердін өкілі- адвокат К. және жауапкердің өкілі-адвокат Х. арасында келісім жасалды, осы келісімге сәйкес тараптар бір-біріне қатысты талаптан бас тартады және келісімде көрсетілген шарттарды өз еркімен орындауға міндеттенеді.

Сот талқылауына әкелетін ұзақ уақытқа созылған даулар екі тарап үшін де қолайлы және ыңғайлы нәтиже арқылы шешілді, бұл партисипативтік рәсімді қажеттілігін тағы бір рет дәлелдейді.

 

Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі


2018-01-12 15:50:25

Сондай-ақ оқыңыз