Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Бөтеннің мүлкін ұрлау

     Павлодар облысы Ақсу қалалық сотымен ҚР ҚК-ның 1 бөлігі 190 бабымен көзделген - алаяқтық, яғни бөтен мүлкін алдау жолымен ұрлау қылмыстық құқық бұзушылық жасаған үшін Р. азаматты айыптау туралы іс қараланды.

 Азаматша Р., азаматша Б. ауратын апасына қамқорлық жасап, оның білуімен, апасына тиесілі «Halyk Bank», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың картасымен, оның карточкалық шотына есептелген зейнетақыны алды. 2015 жылда апасы қайтыс болған кейін, өлім туралы медициналық қорытындыны алып азаматша Р. Павлодар облысы Ақсу қаласы азаматтық хал актілерін тіркеу органдарда өлім туралы фактісін тіркемеген, және «Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорацияның үкіметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Павлодар облысы бойынша филиалы-«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментіне хабарламады. Оған байланысты Б. азаматшаның карточкалық шотына, нақты қайтыс болған адамға, департаментпен зейнетақы төлемдер есептелген.

  Азаматша Р. 2015 жылы қыркүйек айынан 2017 жылы шілде айының аралығында, пайдакүнемдік ниетінен,  ақша қаржылық ұрлау үшін, қайтыс болған апасының «Halyk Bank», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың пластикалық картасын пайдаланып, Павлодар облысы Ақсу қаласының банкоматтардан айлық зейнетақы төлемдерді заңсыз алып жүрді, осылайша алдау жолымен бөтен мүлкін ұрлады, оған байланысты мемелекетке заңсыз алынған зейнетақы төлемдер түрінде, жалпы сомасы 696 195 теңге зиян келтірген.

2017 жылғы 3 қазан айында шығарылғын Ақсу қалалық сотының үкімі бойынша ҚР ҚК-ның 190 бап 1 бөлігімен қылмыс жасаған үшін Р. азаматша айып деп танылды және қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркіленіп 1 (бір) жыл бас бостандығын шектеуге жазаланды.

Іс бойынша азаматтық талап арыз бермеген.

Үкім заң күшіне енген жоқ.                                                     

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

2017 ж 24.10

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2017-10-24 14:51:57

Сондай-ақ оқыңыз