Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау жауапкершілік

   Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік-әкімшілік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу кез-келген демократиялық мемлекеттің құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

Осы санаттағы істер сұрақтарын реттейтін Қазақстан Републикасының Конституциясы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақсан Республикасының Кодексімен болып табылады.

  Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарсудьялардың ведомстволық бағынысты едәуір бөлігін құрайды.

Ұсақ бұзақылық- қоғамдық тәртiптке қол сұғатын құқық бұзушылықтың ең кеңейтілген түрлерінің бірі

   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақсан Республикасының Кодексінің 434 баптың диспозициясы ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер.

  Бұл ереженің мағынасынан, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында орын алуы мүмкін, адамдарының қатысуымен басқаларға сыйламаушылықты құқыққа қайшы әрекеттерін көрсетуге.

  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақсан Республикасының Кодексінің 55 бабының 2,3 бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.

Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын  мән-жайлар ескерiледi.

   2017 жылдың 6 айдың мерзімінде Ақсу қалалық сотымен 274 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қараланды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 434 бабы бойынша ұсақ бұзышылық жасау үшін 180 тұлғаға әкімшілік жазасы әкімшілік айыппұл түрінде қолданды, 85 тұлға әкімшілік қамаққа алынған, 9 тұлғаға қатысты іс өндірісі қысқартылды.

  Қоғамдық қатынастардың субъектілері болып танылатын азаматтар заңға сәйкес келуі керек және қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатынзаңсыз әрекеттер жасамауға тиіс болу керек.

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

2017 ж 24.10

 

 


2017-10-24 14:48:21

Сондай-ақ оқыңыз