Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласының ІІБ қызметкерлерімен кеңес

  Ақсу қаласының ІІБ ғимаратында Ақсу қалалық сотының судьясы Б.Ш. Хамзиннің және Ақсу қаласының ІІБ қызметкерлерімен кеңес өткізілді.

Жиналыс барысында судья Б.Ш. Хамзин ҚР ӘҚтК-нің тараптарын мүлтіксіз орындау керек екендігін көрсетті, нақты айтқанда, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы уақытында толтыру және істерді қарастыру үшін уақытында жолдау. Сонымен қатар, ол әкімшілік жауапкершіліктің негізін және құқықбұзушылық кінәсінің барын  дәлелдеу міндеті - әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірісті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға жүктеледі және  істі қарастыру барысында лауазымды тұлға әкімшілік құқықбұзушылық жасалғаны жөнінде, сонымен қатар бұл құқықбұзушылық жасағаны үшін тұлға кінәлі ме, ол әкімшілік жауапкершілікке жататындығын және басқа да заңды, негізі бар және әділетті әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарастыру үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау керек екендігіне көңіл аударды.

Сонымен қатар, қылмыстық және қылмыстық процессуалдық нормаларын қолдану жөнінде сұрақтар қарастырылды.

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 24.10

 

 

 

 

 


2017-10-24 14:42:08

Сондай-ақ оқыңыз