Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақпараттық сервис «Сот кабинеті» туралы семинар өтті

   Ақсу қалалық сотында «Сот кабинеті» сервисін енгізу.

Семинар жұмысына соттың кеңсе меңгерушісі М.Оспанова, колледж бен жоғарғы оқу орнының түлектері қатысты.

Кеңсе меңгерушісі М.Оспанова «Сот кабинеті» сервисі бұл барлық сот сатыларына кез келген өтініштер мен арыздарды электрондық түрде беруге мүмкіндік туғызатын сот органдарының онлайн қызметтерін алуға, мемлекеттік бажды онлайн төлеуге, істің өтуін қадағалауға, сот құжаттарын және хабарламаларды жедел алуға арналған бірыңғай терезе деп түсіндірді.

  Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ сотқа жүгініп, Жоғарғы Соттың ресми сайты арқылы өз құжаттарын бере алады.

  Семинар соңында қатысушылар электрондық сот ісін жүргізудің, соның ішінде «Сот кабинетінің» дамуы істі қарауды жеңілдетеді және тездетеді деген ойға келді.

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 24.10


2017-10-24 14:35:22

Сондай-ақ оқыңыз